Есептілік

Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімінің атқарған жұмысы туралы ақпарат

2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша қалада 30 984(6 219заңды тұлға, 24 765 жеке тұлға) шағын және орта  кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  4,3%-ға өскен (29 714 субъект).

Тіркелген ШОК субъектілерінің ішінде  белсенділердің  саны 23 775(4 274 заңды тұлға, 19 501 жеке тұлға) бірлікті  құрады (76,7%), 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  аталған көрсеткіш 5,9%-ға өскен (22 458 субъект).

2018 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ШОК саласында еңбек ететіндер саны  79 916 адамды (41 977 заңды тұлға,    37 939 жеке тұлға) құрайды, 2017 жылдың 1 шілдесіне 11,5%-ға өскен(71 689 адам).

ШОК субъектілерімен 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында                   201,0 млрд. теңге сомасында өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндірілді немесе 2017 жылдың осы кезеңіне 89,3% құрайды(211,5млрд.теңге).

Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерімен мемлекеттік бюджетке 23 196,5 млн. теңге (мемлекеттік бюджетке түскен жалпы түсімнің 32% құрайды-72,4 млрд.теңге), бұл өткен жылдың аталған кезеңіне 6,1% өскен. Соның ішінде жергілікті бюджетке            7 401,6 млн. теңге көлемінде салық түскен, сәйкесінше жалпы қалалық бюджетке түскен түсім көлемінің 41% құрайды (19,8 млрд.теңге).

Кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыру, жаңа кәсіпорындар ашу, жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, қолда бар жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында мемлекет тарапынан төмендегідей мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес қаржылық қолдаулар көрсетілуде.

 

Бизнестің жол картасы-2020

Еліміздегі ШОБ қолдау мақсатында Президенттің Жарлығына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы қабылданды.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы 1 441,9 млн.теңге қаржы қарастырылған.

Бүгінгі күні Аймақтық үйлестіру кеңесімен 2010-2018 жылдары Орал қаласы бойынша сомасы 63,7 млрд.теңге болатын 498 жоба мақұлданды және 3000  астам жұмыс орны құрылды.

Соның ішінде 2018 жылдың басынан сомасы 0,8 млрд.теңге болатын 8 жоба мақұлданды және 15 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Сонымен қатар кәсіпкерлер арасында аса танымал Бірыңғай бағдарламаның компоненті - қайтарымсыз гранттық қаржыландыру. Гранттық қаржыландырудың максималды сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңге.

         2012-2018 жылдар аралығында 41 кәсіпкерге жалпы сомасы 110 млн. теңге болатын инновациялық гранттар берілді, оның ішінде, 2018 жылы 11 кәсіпкер 17,6 млн. теңгеге гранттар алды.

 

"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы                 №919 қаулысына сәйкес "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында жалпы республикалық бюджет және транферттерден микрокредиттеу бойынша1 132,2 млн.теңге (2017ж-852,8млн/тг, 2018ж-279,4млн/тг)көлемінде қаржы бөлінді.

Ақша қаражаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге орналастырылды («Халық банкі» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Евразийский банк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ).

Микродиттерді жүзеге асыру мақсатында жоғарыда аталған екінші деңгейлі банктермен жобалар қарастырылуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 315,5 млн.теңгеге 29 микрокредит берілді (олардың 21 жобасы старт-ап).

2018 жылдың басынан 734,6 млн.теңгеге 61 несие берілді (оның ішінде 2017 жылдың қаражатынан жалпы сомасы 537 млн.теңгеге 40 несие берілді).

 

«Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бағдарламасы

469 003 000 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бағдарламасы аясында жыл сайынғы қалалық «Сапалы өнім-2018» көрмесін өткізуге жергілікті бюджеттен 3,4 млн. теңге бөлінді. 2018 жылдың 8 қыркүйегінде жыл сайынғы дәстүрлі азық-түлік өнімін өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 18 кәсіпорын қатысып, 6 бағыт бойынша өз өнімдерін ұсынды. Олар ет өнімдерін қайта өңдеу, нан және кондитерлік өнімдер, су және сусын өнімдері, құс еті және жұмыртқа өнімдері, өсімдік майы және шемекі өнімдері бағыттары және т.б. 

Көрменің негізгі мақсаты ШОК субъектілеріне қолдау көрсету. Көрмеде кәсіпкерлер өз өнімдеріне жарнама жасайды, сатады, қызметтерін халыққа ұсынады, инвесторлардың назарын аударады, іскерлік байланыстар орнатады және сатып алуға қатысты келісімшарттар жасасады.

Көрмеде ЖК«Талецкий О.В», ЖК «Каверина С.В» және «Балзия»ЖШС бағалы орындарға ие болса, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ қалған көрме қатысушыларына аталған шараға қатысқадары үшін алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ  мемлекеттік әлеуметтік тапсырытар шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында семинарлар ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 1,0 млн.теңге қаржы қарастырылды.

Семинардың мақсаты кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының шарттарын түсіндіру, бизнестің басым салаларын анықтау, сондай-ақ біздің өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту жолдарын анықтау болып табылады.

Аталған шараға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты. Шара барысында:

-    бастауыш кәсіпкерлерге  шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсінік берілді,

-    «Электронды сауда», «Франчайзинг», «Криптовалюта»  сөзеріне түсіктер барілді;

-    ЖОО-ның түлектері мен кәсіпкерлердің  қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды;

-    Орал қаласындағы жас кәсіпкерлердің қатысуымен Форумұйымдастырылды.

 
Орал қаласында әлеуметтік маңызы бар азық -түлік тауарларының бағаларының өсуіне жол бермеу жұмыстары бойынша
мәлімет

         Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімімен апта сайын қаламыздың 3 базары «Мирлан», «Алтын-Алма», «Караван» және «Алтындар» мен «Лидер» супермаркеттерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізіледі.

         Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуі байқалған жағдайда, Әкімдікпен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша Департаментіне, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін хат жолданады.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 қаулысына сәйкес, ӘМАТ тізімі 19 түрді құрайды.

2018 жылдың 5 желтоқсанына жүргізілген мониторинг бойынша:

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:

-        5 тармақ бойынша өсім (ұн, қырыққабат, күнбағыс майы, жұмыртқа);

-        10 тармақ бойынша төмендеу;

-        4 тармақ бойынша өзгеріссіз.

Күн сайын дәстүрлі жәрмеңке өткізу үшін, тауар өндірушілерге тегін берілетін, Д.Нұрпейісова көшесі бойы, «Жалын» базары аумағында орналасқан жабық ғимаратты пайдалану жоспарлануда. Ағымдағы жылы 40-тан аса ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.

Әлеуметтік маңызы бар азық -түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында, Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімімен 14 көкөніс және жеміс-жидек сатуға арналған, 22 нан өнімдерін сататын сауда павильондарын (дүңгіршек) орнату үшін тауар өндірушілерге (ИП «Талецкий», ИП «Антипов», ИП «Исаев») келісімдер берілді.

Бұдан басқа, «Орал тауық фабрикасы» ЖШС-не қаланың түрлі аудандарында жұмыртқа және тауық етін өндіруші бағасымен көшпелі сатуға келісім берілді.

Орал қаласындағы супермаркеттерде, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларын сатуға арналған әлеуметтік бұрыштар орналастыру және Қазақстанда өндірілген тауарлар сөресінде «Қазақстанда жасалған» ақпараттық белгілерін орнату бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, тауарөндірушілер және жаппай жеткізушілермен тауарларды жаппай сатылым бағасымен супермаркеттерге делдалсыз тікелей жеткізуге, супермаркет басшыларымен осы тауарларды төменгі қосымша ақымен сату бойынша да келісімдерге қол жеткізілді.

Орал қаласының супермаркеттер желісі 10 сауда маркасымен ұсынылған. Жалпы саны 35.

Супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы сауда базарларымен салыстырғанда төмен.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсаты аясында, жемістер мен көкөністі жеткізуші «Ләззат» ЖК мен «Расул KZ» ЖК «әлеуметтік бұрыш» ашты. Ұсынылған бағалар орташа бағадан 18-20% төмен.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен «Ел ырысы» әлеуметтік дүкендер жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жерлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (көкөніс, ет және азық-түлік) базарлар бағасынан төмен болады. Бүгінгі күнге, 10 сауда павильоны әзірленуде, оның 7-еуі орналастырылған.

 

 

Сауда базарларын жаңғырту және қайта жаңарту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылдың               6 тамыздағы тапсырмасына сәйкес, талаптарға сай ұйымдастырылмаған және стационарлық емес сауда базарларын жаңғырту қажеттігі туралы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10-бабы, 2-4 тармағына (2025 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енетін) сәйкес:

«Әмбебап сауда базары сауда орындары түрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:

астананың, республикалық маңызы бар қаланың және халқының саны бір жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады».

Осыған орай, сауда базарларын жаңғырту мақсатында қала әкімдігімен сауда базарлары басшыларының қатысуымен ескі базарлардың орнына заманауи сауда үйлері мен стационарлық нысандар салу қажеттігі туралы кездесулер өткізілді.

Орал қаласында ресми түрде 23 сауда базары жұмыс істеп тұр;

(10азық-түлік, 13азық-түлік емес), (9 әмбебап, 14 мамандандырылған)

- 3 базар бұрыннан стационарлық базар болып салынды;

(«Жалын», «Караван», «Ел-ырысы»).

- 2 базаржер телімінің нысаналы мақсатын өзгертпей жаңғыртудан өтті:«Ақжол»(2010 жылы), «Қалау»(2015 жылы)

- 4 базар жаңғыртуды кезең-кезеңмен жүргізуде;

(«Мирлан», «Золотая Чаша», «Алтын Алма», «Қайнар»)

- 14 базар жаңғыртуды 2020-2025 жылға дейін жоспарлады:

(«Сұлтан», «1100 ұсақ», «Бақытжол», «Колос», «Шебер», «Мерей», «Өнім», «На Айтиева», «Землячка», «Ашық жол», «Тұлпар», «Жайық», «Айгүл», «Михайл»).

Сонымен қатар, төменде көрсетілген базарлар жаңғыртудан өтіп жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертіп сауда үйіне ауысты:

- «Орталық-киім базары» - «Московский» СҮ (Исаев көшесі, 2/8)                (2015 жылы)

- «На Алмазова» базары – «Проспект» СҮ (Достық даңғылы, 215)(2015 жылы)

- «Жеңіс» базары – «Жеңіс» СҮ ( Жеңіс ш/а, 13) (2015 жылы)

- «Жигули» базары (Әбілқайырхан даңғылы, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде).

Орал қаласындағы жабайы (стихииялы) сауда бойынша ақпарат

Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі мамандарымен 2018 жылдың басынан бері барлық жабайы базарлардың сатушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға қаладағы барлық азық-түлік базарларындағы бос сауда орындары және олардың жалға алу құны туралы жадынамалар үйлестірілді.

Жадынаманың үлестірілген аудандары:

-   «Мирлан» және «Колос» базары ауданы ( А. Кердері, Ж.Досмұхамедов, Д. Нұрпейсова, К. Ахмиров, Мұхит көшелері)

-   «Проспект» СҮ ауданында (Достық даңғылы)

-   «Жайық» базарының ауданы (Әбілқайырхан даңғылы)

-   «Тұлпар» базарының ауданы (Д. Нұрпейсова көшесі)

-   «Школьник» СҮ ауданы (Құрманғазы көшесі)

-   «Лидер» супермаркетінің ауданы (Жәңгірхан көшесі)

-   «Өнім» базарының ауданы (Гагарин көшесі)

-   «Сұлтан» базарының ауданы (Еуразия даңғылы)

-   «Сити центр» СҮ ауданы (Еуразия даңғылы)

-   «Ақжол» базарының ауданы (Құрманғазы көшесі)

Қазіргі кезде «Мирлан», «Байтерек», «Ақжол», «Қалау», «Караван», «Жайық», «Өнім», «Ел-ырысы», «Алтын-Алма», «Жеңіс» базарларында және «Проспект» сауда үйінде бос сауда орындар бар және базарлар әкімшілігі бастапқы кезеңге жеңілдіктер ұсынуға дайын.

Ниет білдірген сатушыларға базарларға орналастыру бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Жабайы базарлардың негізгі шоғырланған жерлері  «Мирлан» базарының ауданы, атап айтқанда Ж.Досмухамедов, Фрунзе, Кердері, Ахмиров, Мухит, Құрманғазы, Д. Нұрпейсова (кварталы) және Әбілхайыр хан даңғылындағы «Жайық» базарының ауданы  болып табылады.

Жыл басынан бастап Жергілікті полиция қызметкерлерімен белгіленбеген орындардағы сауданы жою мақсатында бірлескен түсіндіру, рейдтік шаралары күн сайын жүргізіліп келеді.

Жергілікті полиция қызметкерлерімен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 204-бабына сәйкес белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға әкімшілік хаттама толтырылуда.

Бөлім тарапынан Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрақты жабайы сауда орындарына ақпараттық белгілер орнату бойынша ұсыныс енгізілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

Көшпелі сауда

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 4)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27-бабы, 2-тармағына сәйкес келесі көшпелі сауда орындары жергілікті өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпкерлерді қолдау мақсатында және маусымдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін хаттамалық тапсырмасымен Көшпелі сауда орындары белгіленді.

1. Тұңғыш Президент алаңында қала тұрғындары мен қонақтарын маусымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету мақсатында орналастырылған 14 жеңіл үлгідегі сауда павилоны кәсіпкерлердің өтініші негізінде пайдалануға берілді;

2. Жазғы мезгілде тұрғындарды алкогольсыз сусындар (квас, салқындатылған сусындар) және зауыттық қаптамадағы балмұздақтармен қамтамасыз етуге 95 орын белгіленіп, аталған орындарда 28 кәсіпкер сауда жүргізді;

3. Саяжай өнімдерін, қарбыз және қауын сатуғабелгіленген 30 орында23 кәсіпкер өнімдерін сатты;

4. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қылқан жапырақты теректер сатуға 31 орын белгіленіп, бүгінгі күнге кәсіпкерлер тарапынан осы орындарда көшпелі сауда жүргізу бойынша жүгінулер түсуде;

5. Кәсіпкерлердің өтініші негізінде скверлерде және ойын алаңдарынан тыс жерлерде балаларға арналған үрмелі батут (аттракцион) орнату орындары белгіленіп,12 кәсіпкер өз қызметтерін көрсетті. Қауіпсіздік шараларын жүргізу мақсатында «Аттракциондар қауіпсіздігі» жадынамасы әзірленіп, үйлестірілді;

6.Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауындағы велосипед тебу алаңында келушілерді велосипедтермен қамтамасыз ету үшін осы жерде велосипедтерді жалға беру орны белгіленіп 13 кәсіпкер өз қызметтерін көрсетті.

Бизнеске қолдау көрсету шарасы аясында көшпелі сауда жүргізуге белгіленген орындар қаланың барлық аумағын, кенттік округтерді (Зашаган, Деркөл, Желаево, Круглозерное және Серебряков) қамтиды.

Бұдан басқа, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау аясында 3 өнім өндіруші кәсіпкерлік субъектісінеқала аумағында нан, кондитерлік, шұжық, сүт, жұмыртқа, балық өнімдерін және т.б. сату туралы көшпелі саудаға шығуға келісім берілді.

Қыс мезгілінде қала тұрғындары мен қонақтарын демалыс алаңдарымен қамту мақсатында 2 орынға мұз айдындарын ұйымдастыруға келісімдер берілді.

Есепті кезең ішінде кондоминиум аумағында нан өнімдерін, көкөніс және жеміс жидек, газет-журнал және т.б. сатуға арналған сауда павильондарын орнатуға/мерзімін ұзартуға 28 келісім алынды.

Ағымдағы жылдың тамыз айында, тұрғындар мен қала қонақтарының ыңғайлылығы үшін және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, мектеп құралдарының бағасының қымбаттауына жол бермеу мақсатында «Мектеп жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде 150 орын белгіленіп, орындар тегін берілді. Кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған отбасыларға жеңілдіктер мен тегін көмектер көрсетілді.

 

 

Рухани жаңғыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген бағыттарды жергілікті жерде жүзеге асыру бойынша, Кәсіпкерлік бөлімімен «Туған жер» арнайыжобасы, «Атамекен» кішібағдарламасыаясында2018 жылдың 1-10 наурызыаралығындаәлеуметтік аз қамтылғанжәнемұқтажжандарғаәлеуметтіккөмеккөрсетугениетбілдіргенкәсіпкерлердітартуарқылы «Кәсіпкердің әлеуметтік жауапкершілігі» атты шара ұйымдастырылды. Шараға 5 кәсіпкер, 2 қалалық супермаркет тартылып, Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алынған тізімге сәйкес 35 аз қамтылған отбасыға әлеуметтік қоржын және тұрмыстық қажеттілік тауарларысыйға тартылды.

«Мектепке жол» республикалық акция аясында ұйымдастырылған «Мектеп жәрмеңкесінде» кәсіпкерлер тарапынан көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылып, 20 оқушыға оқу құралдарымен толыққан «мектеп сөмкесі» тегін берілді. 50 көп балалы анаға 30%-дан 70%-ға дейін жеңілдік жасалды.

Демеушілік көрсеткен әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлер Орал қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.