Ереже

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е

1. Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерліктің қарқынды өсуі үшін экономикалық жағдай жасауға және экономикалық тұрақты өсу негізін аталған сектормен қамтамасыз етуге ықпал ететін кәсіпкерлікті дамытудаға мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында мемлекеттік басқару және бақылау функциясын орындауда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000; Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1

9. Мемлекеттік органның толық атауы — «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі

10. Осы Ереже «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен жүзеге асырылады.

12. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы: Орта мерзімді кезеңге арналған қаланың даму басымдылықтары және стратегиялық мақсаттарын анықтау.

14. Міндеттері: Қала дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларының шеңберінде қалада кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын дайындау;

Қала кәсіпкерлігін дамытудың мониторингі, кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар мен ақпараттық-аналитикалық материалдарды әзірлеу;

Кәсіпкерліктің түйінді мәселелері мен оларды әр түрлі деңгейде шешудың жолдарын анықтау бойынша кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері, несиелік ұйымдары, Кәсіпкерлік Кеңесі мен Сараптау Кеңесімен бірлесіп әрекет ету;

Басымды инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және одан әрі жүргізу.

15. Функциялары: Қазақстан Республикасының өзге да уәкілеттілігі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

Мемлекеттік мекеменің құқығы мен міндеті болып заң актілеріне сәйкес негізгі қызметтер мен міндеттерді жүзеге асырудағы құқықтар белгіленеді. 

  • Мемлекеттік мекеме өзге де заңды тұлғаларға құрылтайшы (қатысушы) болуға немесе құруға құқығы жоқ.
  • Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемел ері мен өз иелігіндегі қаражаттың жұмсалуына жауапты.
  • Мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі.
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруға уәкілетті. 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшыны қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының уәкілеттілігі: 

  • Мемлекеттік мекеме заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады,
  • Қызметкерлердің уәкілеттілігін және міндеттерін белгілейді,
  • Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне белгіленген заңнамаға сәйкес дисциплинарлық тәртіптік жаза қолданады,
  • Мемлекеттік мекемелердін актілеріне кол кояды,
  • Мемлекеттік мекеме мемлекеттік органдарға және өзге де ұжымдарға ұсынады,
  • сыбайлас жемқорлыққы қарсы құқық бұзушылық жұмыстарға жауапты,
  • Өзге де уәкілеттілікті заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. 

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның уәкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының уәкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппараты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын тұлғаны басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/ коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.