Басшылық

Ғұмаров Жалғас Ахатұлы

Ғұмаров Жалғас Ахатұлы, 1982 жылы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2006 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (Алматы қаласы), 2010 жылы Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік институты (Мәскеу қаласы), Қарағанды экономикалық университеті, 2018 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін (Орал қаласы) аяқтаған.

Еңбек жолын 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі, Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының аға сарапшысы;

2011-2013 жылдары жеке секторда;

2014 жылы Орал қаласы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;

2014-2016 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы;

2016-2019 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Күні бүгінге дейін «Орал қаласының ауылшаруашылығы бөлімінің» басшысы болды.